Нұрлан Еспанов. Бекхэмнің түкірігін алматылық болбой 1,5 млн теңгеге сатқан
  • эпизод от 8 апреля 2024
  • 130 прослушиваний

Нұрлан Еспанов. Бекхэмнің түкірігін алматылық болбой 1,5 млн теңгеге сатқан

Көпшіліктің сұрауы бойынша белгілі әнші Нұрлан Еспанов тағы да БІРІНШІ БОЛ қонағы болды. Нұрекең шашы желбіреп отырып елді елжірететін әңгіме айтып берді.

Нұрекең әңгіме айтуды "өнер" деңгейіне жеткізген. Майын тамызады, тыңдаған адамның аузының суын ағызады.

Нұрлан Еспанов бұл жолы да көсілді, түсірілім басталған сәттен бастап қамшы салдырмады. Әдемі әзілін де, ішіндегі ғыжылын да айтып, шер тарқатты. Тіпті, өзін келемеждеп, мазақ ететін оқырманына жауап та берді. Ол футбол мен әзілді түсінбейтін адамдарды "әрі ойнауға" шақырды.

Қазақстан ұлттық құрамасының амбассадоры Нұрлан Еспанов егер осы шығарылым 90 мың қаралым жинаса, тағы да БІРІНШІ БОЛ қонағы болып, болашағы зор талантты балаларға сый-сияпатын беруге уәде етті.

https://1bol.kz/

Комментарии

0
Чтобы оставить комментарий, войдите или зарегистрируйтесь.

Пока никто не комментировал. Будьте первым.